Александр Бублик Франциядағы жарыстың ширек финалына өтті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Лион (Франция) АТР 250 турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 93-орында тұрған аустралиялық Александар Вукичпен бетпе-бет келді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 11 минутқа созылған бәсекеде қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Бублик 10 эйспен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Вукич 3 эйспен шектелді.
Александр Бублик келесі ойында әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Павел Котовты сүріндірсе, жартылай финалға шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу жарысының ширек финалында ойнайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Шевченко Женева турнирінің ширек финалына шықты.
Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.