Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына шықты
29 мамыр 2024 7:47 / Sport
Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 112-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен бетпе-бет келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бублик 6:4, 7:5, 6:3 есебімен үш сетте жеңіске жетті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Екі сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында ол 11 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.
Баррер 2 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бубликтің келесі қарсыласы — әлемнің 41-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфф.
Ол бастапқы кездесуінде рейтингіде 144-сатыдағы аргентиналық Роман Андрес Бурручагадан айласын асырды — 6:3, 6:2, 6:1.
21 шілде 2026 17:17 / Sport
Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
9 шілде 2026 18:33 / Sport
Матч кезінде футболшыға найзағай түсті
9 шілде 2026 17:18 / Sport
Чемпиондпр лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді
8 шілде 2026 11:19 / Sport
ӘЧ-2026: Роналду мансабындағы соңғы әлем чемпионатынан кейін мәлімдеме жасады
7 шілде 2026 12:27 / Sport
Бибісара Асаубаева қазақ тілін қалай үйреніп жүргенін көрсетті
25 маусым 2026 11:48 / Sport