Әлішер Сүлейменов әлемнің ең мықты шахматшысын жеңіп кетті

13 қазан 2023 11:00 / Sport

23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохадағы Qatar Masters Open турнирінде апсет жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Спорт Шредингера» Telegram-арнасы жариялады.

FIDE бәсекесінің екінші рейтингінде Сүлейменов 528-ші орында тұр. Ал Магнус Карлсон бірінші орында.

«Менің көңіл-күйім қалай дейсіздер ме ? Айтарға сөзім жоқ. Бұлай болғанына әлі сене алар емеспін. Ойын алдында онымен тең түсудің өзі ғажайып болар еді деп ойлағам. Бұны бапкерім де айтты»,-деп ағынан жарылды шахматшы.

Әлішер Сүлейменов Павлдарда туған. Өткен жылы ол шахмат Олимпиадасында ел құрамасы сапында өнер көрсетті.

Автор
Серіктес жаңалықтары