Ат жарысынан әлем кубогында жеңімпаздар анықталды

30 наурыз 2024 21:54 / Sport

Әйгілі қазақстандық жүйрік жылқы Кабирхан Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен ат жарысынан әлем кубогында бақ сынады. Аталған жарыста ол жүлделі орыннан көріне алған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Бәйгеде жетінші номермен сынға түскен Laurel Rival сәйгүлігі жеңіске жетті. Ал Кабирхан негізгі топтың арасында мәре сызығын кесіп өтті. Ол бәйгеде мәре сызығын тоғызыншы болып қиды.Әлем кубогына дүниежүзінің көптеген елдерінен сан алуан бәйгеде топ жарған жүйріктермен бәсекеге түсті.

Айта кетсек, халықаралық ат спорты федерациясының ресми мәліметіне сәйкес, әлемде 450 мың жүйрік ат бар. Оның ішінде 200 мың жылқы үнемі әлемдік жарыстарға қатысады. Бұл туралы «Республикалық зауыт жылқылары тұқымы палатасы» Президенті Талғат Жайсанбаев айтты.

Кабирхан - қазір 4 жастағы асыл тұқымды жылқы. Әкесінің есімі Калифорния Хром, енесінің есімі Литтл Эмили. Калифорния Хром Кентукки дербиінен бастап, Бридерз Капке дейінгі АҚШ-тың көптеген беделді ат бәйгелерінің жеңімпазы. Негізі Кабирхан АҚШ-та өмірге келген, 1,5 жасында Кинэленд аукционында сатылған.

 

Серіктес жаңалықтары