Аяжан Сыдық бокстан әлем чемпионы атанды
3 желтоқсан 2023 21:18 / Sport
Аяжан Сыдық Арменияның Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Sports.kz жариялады.
54 келіге дейінгі салмақ санатындағы ақтық кезеңде А.Сыдық Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесті. Жекпе-жек боксшының пайдасына, 5:0 есебімен аяқталып,Аяжан Сыдық әлем біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды.
Бұл Қазақстан құрамасының аталмыш турнирдегі алғашқы алтын медалі.
Финалда қыздар арасында – Толғанай Қасымхан (60 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), ұлдар арасында – Нұрсалы Тілеубек (54 кг) рингке шығады. Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған.
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport