Азиада: 29 қыркүйекте елімізде бір күміс, үш қола медаль

30 қыркүйек 2023 2:39 / Sport

Қазақстан 29 қыркүйек күні бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Семсерлесуден ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Финалда Жапонияның командасынан (35:36) жеңіліп қалды.

Велотректен ерлер құрамасы мэдисон бағдарламасының финалында 37 ұпай жинап, 3-ші орынға ие болды.

Аян Бейсенбаев триатлоннан қола медаль жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 шақырымдық жарыста үшінші келді.

Шахматтан әйелдер құрамасы бірінші турда БАӘ командасын жеңді, ерлер құрамасы Таиландтан 3,5:0,5 есебімен озық шықты.

Су добынан әйелдер құрамасы Таиланд командасын 13:8 есебімен жеңді.

Хоккейден әйелдер командасы Индонезияны 2:1 есебімен жеңді.

Боксшы Сағындық Тоғайбай ирандықты мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал Карина Ибрагимова (57 кг) Солтүстік Кореядан келген спортшыны жеңді.

6-шы жарыс күні Қазақстан құрамасында 3 алтын, 4 күміс және 19 қола жүлде бар.

Автор
Серіктес жаңалықтары