Азиада: Бір күнде қоржынға 7 медаль түсті

3 қазан 2023 10:00 / Sport

Азия ойындарында 2 қазанда  қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның біреуі алтын, екеуі күміс және төртеуі қола медаль.

Сапында Тимур Хайдаров пен Сергей Емьяновтан бар Қазақстан командасы Жапония мен Иран спортшыларынан озып, 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама қоржынына күміс медальдарды ескек есуден екі әйелдер командасы әкелді: Мария Боровкова мен Руфина Искакова (каноэ, 500 м), сондай-ақ Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова (байдарка, 500 м).

Кирилл Тубаев (байдарка, 1000 м) және Тимофей Емельянов (каноэ, 1000 м), гимнаст Виктория Бутолина (батут), сондай- Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Дэвид Ефремов және Аделина Земс 4x400 метрлік аралас эстафетада бақ сынап, қола медаль жеңіп алды.

Азия ойындарының 9-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 7 күміс және 27 қола медаль бар.

Автор
Серіктес жаңалықтары