Азиада: Қазақстан 40-шы жүлдесіне қол жеткізді
3 қазан 2023 11:10 / Sport
Велоспортшы Рината Сұлтанова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Sports.kz жариялады.
Рината тасжолдағы жарыстың жекелей сынына қатысып, мәре сызығына үшінші (+1:00.11) келді.
Өзбекстаннан Ольга Забелинская (24:35.99) мен жапониялық Эри Ёнамине (+59.60) бірінші және екінші орынды өзара бөлісті.
Жарыс жолына 14 спортшы шыққан болатын.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы 40-шы жүлдесі және 29-шы «қоласы» болып тұр.
Сондай-ақ ұлттық құрама қоржынында төрт алтын, жеті күміс медаль бар.
Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.
21 шілде 2026 17:17 / Sport
Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
9 шілде 2026 18:33 / Sport
Матч кезінде футболшыға найзағай түсті
9 шілде 2026 17:18 / Sport
Чемпиондпр лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді
8 шілде 2026 11:19 / Sport
ӘЧ-2026: Роналду мансабындағы соңғы әлем чемпионатынан кейін мәлімдеме жасады
7 шілде 2026 12:27 / Sport
Бибісара Асаубаева қазақ тілін қалай үйреніп жүргенін көрсетті
25 маусым 2026 11:48 / Sport