Азиада: Қазақстан құрамасының медальдар кестесі

3 қазан 2023 16:39 / Sport

Қазақстан құрамасы бүгінгі екі алтын жүлдеден кейін қай орында тұрғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.

Алексей Луценко Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шосседегі веложарыста жеңімпаз атанды.

Ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров үздік болды.

Қазір ел құрамасының еншісінде 43 медаль (5 алтын, 9 күміс, 29 қола) бар.

Қазақстан медальдар кестесінде 12-орында тұр.

Бұл жөнінен Қытай 277 медаль алып, (153 алтын, 82 күміс, 42 қола) көш бастаған.

Одан кейінгі орындар Жапония (125 медаль: 33 алтын, 45 күміс, 47 қола), Оңтүстік Корея (136 медаль: 31 алтын, 42 күміс, 63 қола) еншісінде.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 153-82-42 (277)

Жапония - 30-35-59 (124)

Оңтүстік Корея - 31-42-63 (136)

Үндістан - 13-24-25 (62)

Өзбекстан - 13-14-21 (48)

Тайвань - 12-10-17 (39)

Таиланд - 9-10-14 (20)

Солтүстік Корея - 7-10-5 (22)

Гонконг - 6-5-24 (45)

Бахрейн - 6-1-4 (11)

Қазақстан - 5-9-29 (43). 

Автор
Серіктес жаңалықтары