Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі

16 мамыр 2024 10:34 / Sport

Қазақстандықтар, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Б.Жұқаев екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды жолдан тайдырды, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт қарсыласын 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. Ол 8 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жібермеді. Кипсон 1 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, тағы бір америкалық Эмилио Наваны қапы қалдырды - 7:6 (10:8), 6:0.

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Нава 7 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді ширек финалда Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Тунис турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары