Бокс федерациясы. Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті ме?

14 тамыз 2024 13:00 / Sport
Фото: sport.kz

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада ойындарынан соң бірқатар қызметкерінің жұмыстан босатылғанын жоққа шығарды.  Федерацияның ресми парақшасынан өшірілген жазбада жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұрған еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар - Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус болды.

Федерациядағылар қызметкерлердің ешқайсысы босатылмағанын, бірақ өзгерістер болатынын мәлімдеді.

- Ақпарат шындыққа жанаспайды. Жұмыстан ешкім босатылған жоқ. Өзгерістер жоспарлануда. Ресми дереккөздерде хабарлаймыз, - делінген федерация жауабында.

Бұған дейін Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп те реформалар туралы айтқан.

Ол Олимпиада ойындары құрамада қателіктер мен кемшіліктер барын көрсетті дегенді алға тартты.

Серіктес жаңалықтары