Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қандай медаль жеңіп алды

4 қараша 2024 0:16 / Sport
ФОТО: Sports.kz

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қандай медаль жеңіп алды? Қазақстан боксшылары 2024 жылы Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетті. Турнир қорытындысында Қазақстан құрамасы он жеті медаль жеңіп алды – алты алтын, бір күміс және он қола, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жастар арасында Бексұлтан Боранбек (51 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Елянұр Тұрғанова (50 келі) және Аружан Зейноллаева (81 келі) әлем чемпиондары атанды.

«Күміс» Ұлдана Таубайға (66 келі) бұйырды. Жарыстың қола жүлдегерлері Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92+ кг), Әнел Әбдірәсілова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейтханқызы (81 келі).

Серіктес жаңалықтары