Бублик әлемнің 14-ракеткасын жеңді
30 қазан 2023 21:10 / Sport
Александр Бублик Париж мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алғашқы айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен шеберлік байқасты.
А.Бублик бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол осы уақыт ішінде 11 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Ф.Тиафо 4 эйстен аса алмады.
Александр Бублик 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, Чили өкілі Николас Харримен таласады.
Өткен жылы қазақстандық спортшы алғашқы айналымнан аса алмаған еді.
Биылғы соңғы мастерс додасы 5 қарашада мәресіне жетеді.
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport
Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
9 шілде 2026 18:33 / Sport
Матч кезінде футболшыға найзағай түсті
9 шілде 2026 17:18 / Sport