Елена Рыбакина Мария Саккариді ұтты

1 қараша 2023 12:00 / Sport

Елена Рыбакина Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Елена әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кортқа шықты.

Елена Рыбакина кездесуді тамаша бастап, небәрі 22 минутқа созылған бірінші партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.

Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте грекиялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 4:2. Бірақ ізінше Марияның брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Ақыры матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда қазақстандық теннисші матчты эйспен түйіндеді – 7:6 (7:2).

Екі сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. М.Саккари 4 эйс, 1 брейкпен көзге түсті (7 брейк-пойнт).

Бакалар тобында сынға түсіп жатқан Е.Рыбакина алғашқы бәсекесінде әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға есе жіберген еді. Д.Пегула содан кейін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, өз тобында көш бастаған америкалық спортшының есебінде 2 жеңіс бар.

Е.Рыбакина 3 қараша күні таңға қарай А.Соболенкомен шеберлік таластырады. Егер оны жеңген жағдайда жартылай финалға жолдама алады.

Серіктес жаңалықтары