Еуро-2024: Украина Румыниядан ойсырай жеңілді

18 маусым 2024 1:40 / Sport

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының төртінші ойын күнінде E тобындағы Румыния құрамасы Украинадан басым түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Жанкүйерлер қос құрама тарапынан қызықты ойын күткен еді. Десе де румыниялық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 29-минутында Николае Станчу есеп ашты. Бұдан кейін украиналық құрама таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан дегеніне жете алған жоқ.

Есесіне екінші кезеңде өз қақпасына тағы екі доп жіберіп алды. Оны Рэзван Марин 53, Денис Дрэгуш 57-минутта өзінің еншісіне жазды. Осылайша Румыния қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Енді Е тобында Бельгия мен Словакия ойыны өтеді. Бүгінгі ойындарды D тобындағы Австрия мен Франция кездесуі түйіндейді. Матчтар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Серіктес жаңалықтары