Euro-2024 жеребесі тартылды. Қазақстанның қарсыластары кім

3 желтоқсан 2023 1:53 / Sport

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт-на-Майне, Гельзенкирхен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт қалаларында дода өткізіледі.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады.

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

D тобы: Ұлттар лигасында А жолының жеңімпазы (Польша, Эстония, Уэльс, Финляндия), Нидерланд, Австрия, Франция.

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Ұлттар лигасы B жолының жеңімпазы (Израиль, Исландия, Босния және Герцеговина, Украина

F тобы: Португалия, Ұлттар лигасы С жолының жеңімпазы (Грузия, Люксембург, Қазақстан, Грекия), Түркия, Чехия.

Былтыр Ұлттар лигасы С лигасында өз тобында бірінші орын алған қазақстандық футболшылар енді аталған турнирдің плей-офф жүйесі бойынша Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Серіктес жаңалықтары