Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтеді
2 қараша 2023 0:17 / Sport
Халықаралық футбол федерациясының басшысы Джанни Инфантино футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысы Сауд Арабиясында өтетінін жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Футбол басқа спорт түрлері сияқты әлемді біріктіреді. Әлем чемпионаты - бірлік пен инклюзивтілік идеясының тамаша көрінісі», - деді Джанни Инфантино.
Бұдан бұрын Аустралия 2034 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысын өткізуге байланысты өтінімінен бас тартқан болатын. Нәтижесінде Сауд Арабиясы дүбірлі доп додасын өткізуге өтініш білдірген жалғыз ел болды.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтеді. Ал 2030 жылғы әлем чемпионатының алғашқы үш ойыны Уругвай, Парагвай және Аргентинада басталса, қалғаны Испания, Португалия және Мароккода болады.
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport