Катарда футболдан Азия кубогы жалауын көтерді

13 қаңтар 2024 9:39 / Sport

Катарда футболдан Азия кубогы ойындары басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform жазады.

Доп додасында сарықұрлықтағы 24 құрама бақ сынайды. Олардың барлығы 6 топқа бөлінген. Ойындар 12 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізіледі.

Азия кубогында Қазақстанмен көршілес жатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан құрамалары да ойнайды.

Құрмалар мынадай топқа бөлінген:

А тобы: Катар, Қытай, Тәжікстан, Ливан;

В тобы: Австралия, Өзбекстан, Сирия, Үндістан;

С тобы: Иран, БАӘ, Гонконг, Палестина;

D тобы: Жапония, Ирак, Вьетнам, Индонезия;

E тобы: Оңтүстік Корея, Малайзия, Иордания, Бахрейн;

F тобы: Сауд Арабиясы, Оман, Таиланд, Қырғызстан.

Бүгін құрлықтық доданың алғашқы ойынында Катар құрамасы Ливанды 3:0 есебімен сүріндірді.

Азия кубогы ойындары 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазірге дейін Жапония - 4, Сауд Арабиясы мен Иран - 3, Оңтүстік Корея - 2, Израиль, Кувейт, Австралия, Ирак, Катар - 1 мәртеден чемпион атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлемнің ең қымбат футбол клубтарының тізімі жарияланды.

 

Серіктес жаңалықтары