Назым Қызайбайдың ата-анасы: қызымыздан жеңіс күтеміз

7 тамыз 2024 0:55 / Sport
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Париж қаласында Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Ю мен жұдырықтасады. Отандасымыздың жекпе-жегін ата-анасы мен туыстары мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде тамашалайды. Назым Қызайбайдың ата-анасы толқып отыр. Қайта-қайта сағатқа қарап, қыздары үшін уайымдауда. «Қызыма жеңіс тілеймін. Арманы орындалсын. Қызымнан жеңіс күтемін. Олимпиада ойындарына қатысу үшін көп еңбек етті. Сол еңбегі ақталады деген ойдамын»,- деді Назымның әкесі Абай Қызайбай, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал анасы КәмшатАхетқызы Назым Парижге аттанғалы бері ұйықтамағанын айтады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Ана жүрегі алдамайды деп ойлаймын. Қобалжып отырмын. Жеңіс күтем. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой. Қалғып кеткен кездері жақсы түс көріп жүрмін. Оны жақсылыққа жорып қойдым»,- дейді ол.

Жекпе-жек оңайға соқпайтыны анық. Оның қарсыласы қытайлық Ву Ю Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшылардың бірі.

Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында ең алғаш өткізген жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырды.

Ал екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын. https://kaz.inform.kz/news/parizh-2024-nazim-kizaybay-shirek-finalga-ott-e046ee/

Сонымен қатар ширек финалда Колумбия боксшысы Каролайн Барбозаны жарыс жолынан шығарып, жартылай финалға жетті.

 

Серіктес жаңалықтары