«Номад» Құрлықтық кубок ойындарының жеңімпазы атанды

15 қаңтар 2024 5:35 / Sport

Қазақстандық «Номад» командасы шайбалы хоккейден Құрлықтық кубок ойындарының жеңімпазы атанды, - деп  хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

Елордалық команда бүгін Польшаның «Катовице» командасымен кездесті.

Қазақстандық команданың бас бапкері Фёдор Полищук «Номадтың» құрамын жариялады.

Қақпашылар: Әмірбеков (Бояркин); Ойыншылар: Бойко-Борисевич-Рахманов, Гайтамиров-Бутенко; Мусоров-Шульга-Гатиятов, Диханбек-Королёв; Александров-Гусейнов-Цыбин, Никитин-Царёв; Қайыржан-Маңғысбаев-Қасенов, Кеңесбай.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде «Катовице» ойыншысы Райан Кук 35-минутта есеп ашып кетті. Одан кейін «Номад» сапынан Максим Мусоров 37-минутта таразы басын теңестірді.

Үшінші кезеңде Олег Бойко 41, Алан Гатиягов 53-минутта елордалық клубтың басымдығын арттыра түсті.

Осылайша «Номад» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, Құрлықтық кубок ойындарының жеңімпазы атанды.

Серіктес жаңалықтары