Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатында дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді

18 маусым 2026 15:15 / Sport

Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында өткен кездесуде Колумбия құрамасы Өзбекстан құрамасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Колумбиялықтар сапында голдарды Даниэль Муньос, Луис Диас және Хаминтон Кампас соқты. Ал Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы алғашқы тарихи голының авторы — Аббосбек Файзуллаев болды.

Осы жеңістің арқасында Колумбия құрамасы 3 ұпай жинап, топта бірінші орынға көтерілді. Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамаларының еншісінде бір-бір ұпайдан бар. Ал Өзбекстан құрамасы әзірге ұпайсыз топ соңында тұр.

Өзбекстан құрамасын жаттықтыратын италиялық маман Фабио Каннаваро шәкірттері келесі ойынын 23 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Бұл — Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы ойыны. Соңғы жылдары жастар құрамалары Азия біріншіліктерінде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Серіктес жаңалықтары