Парижге грек-рим күресінен 4 балуан ғана барады
10 мамыр 2024 12:00 / Sport
Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінде грек-рим күресінен ел намысын қорғаған екінші балуанымыз да жолдамадан тыс қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Нақтырақ айтсақ, 67 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Дінмұхамед Қошқар ширек финалда қарсыласына жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ол 1/4 финалында грузиялық Рамаз Зоидзедеге 4:9 есебімен есе жіберді.
Грек-рим күресі:
Стамбулдағы әлемдік турнирге грек-рим күресінен 67 келі салмақта Дінмұхаммед Қошқар мен 97 келі салмақта Юсуф Мациев қатысқан болатын.
Өкінішке қарай, екі балуанымыз да Париж олимпиадасының жолдамасына қол жеткізе алмады.
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport