«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті

29 сәуір 2024 13:17 / Sport

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті. «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media

«Кекер негізгі команданы 2022 жылғы маусымнан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен «сары-қаралар» 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсті. 16 рет қарсыластарына есе жіберді. Осы кезеңде «Қайрат» ФК академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында алғашқы ойынын өткізді. «Сары-қаралардың» ұжымы Кирилл Сергеевичке атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруін тілейді. Алдағы 4 мамырда өтетін «Атыраумен» болатын матчқа команданы бұған дейін «Қайрат-Жастарға» басшылық еткен Рафаэль Уразбахтин дайындайды», делінген ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қайраттың» көш соңындағы «Қайсардан» ұтылғанын жазған болатынбыз, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сондай-ақ футболдан ел чемпионатында «Жетісу» көш басындағы «Ақтөбені» ұтты.

Серіктес жаңалықтары