Қазақстанда басымдық берілген спорт түрлері жаңартылды
Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 1 қарашадағы бұйрығымен спорттың басымдық берілген түрлерінің республикалық тізіміне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Sports.kz порталы жариялады.
Тізім жаңа редакцияда ұсынылған. Спорт түрлері:
Олимпиадалық емес спорт түрлері:
Мүгедектер арбасындағы би (паралимпиадалық емес)
Ашихара-каратэ
Гір спорты
Грэпплинг
Джиу-джитсу
Дойбы, шахмат
Жағажайдағы волейбол
Альпинизм
Кикбоксинг және т.б.
Үш топта барлығы 84 спорт түрі.
Жазғы олимпиадалық спорт түрлері:
Ауыр атлетика
Бокс
Әйелдер күресі
Байдаркамен есу
Велосипед спорты
Греко-рим күресі
Дзюдо
Жеңіл атлетика
Жүзу
Көркем гимнастика
Теннис
Оқ ату және т.б.
Үш топта барлығы 44 спорт түрі бар.
Қысқы олимпиадалық спорт түрлері:
Биатлон
Конькимен жүгіру спорты
Шаңғы жарысы
Шорт-трек
Конькимен мәнерлеп сырғанау
Тау шаңғы спорты
Фристайл акробатика және могул
Шайбалы хоккей
Сноуборд
Шаңғымен трамплиннен секіру және т.б.
Барлығы 13 спорт түрі
Паралимпиадалық спорт түрлері:
Арбадағы керлинг
Арбадағы теннис
Отырып ойнайтын волейбол
Голбол
Пара ат спорты
Пара биатлон
Пара велоспорт
Пара дзюдо
Пара жеңіл атлетика
Пара жүзу және т.б.
Барлығы 20 спорт түрі.
Ұлттық спорт түрлері:
Жекпе-жек
Қазақша күрес
Тоғызқұмалақ
Асық ату
Аударыспақ
Көкпар
Аушы құстармен аң аулау
Бәйге
Дәстүрлі садақ ату
Жамбы ату
Теңге ілу
Бұйрық 2023 жылдың 6 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.