Қазақстандық спортшылар Олимпиадада жеті медаль жеңіп алды

11 тамыз 2024 18:48 / Sport

Қазақстандық спортшылар Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарын 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен аяқтады. Бүгін төрт жылдық доданың соңғы күні екі спорт түрінен екі спортшымыз сайысқа түскен болатын. Өкінішке қарай, екеуі де жүлделі орындарға қол жеткізе алмады. Осылайша Париж Олимпиадасы Қазақстан спортшылары үшін толығымен аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алтын жүлдені Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына дзюдодан 60 келі салмақта Елдос Сметов сыйлаған болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал күміс жүлдені спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыаев және бокстан 80 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрбек Оралдай жеңіп алды.

Қола медальдарды нысана көздеуден командалық жарыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле (тапаншамен 10 метрден ату), дзюдодан 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев және әйелдер боксынан 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай жеңіп алды.

Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 8 қола медальмен шектелген болатын.

Серіктес жаңалықтары