Қазақстанның 2023 жылғы үздік теннисшілері

30 желтоқсан 2023 17:58 / Sport

Елена Рыбакина 2023 жылдың қорытындысы бойынша жеке разрядта Қазақстанның үздік теннисшісі боллды. Ол WTA рейтингісінде 4-ші орында тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz порталы жариялады.

Әйелдер арасында екінші орында Юлия Путинцева - ол 66-шы орында. Сондай-ақ үздік “үштікке” Жібек Құламбаева кірді (469-шы орын).

Александр Бублик ерлер арасында Қазақстанның үздік теннисшісі  атанды – ол биылғы жылы ATP рейтингісінде 32-ші орынға тұрақтады. Үздік “үштікке” Бейбіт Жұқаев (188-ші орын) және Денис Евсеев (190-шы орын) кірді.

Ерлер арасындағы жұптық сайыста Қазақстанның бірінші ракеткасы 45-ші орында тұрған Александр Недовесов. Андрей Голубев екінші орында (рейтингте 61-ші). Александр Бублик қазақстандық ойыншылар арасында үшінші орында тұр - ол ATP рейтингісінде 224-ші болып тұр.

Әйелдер үшін жұптық разряд бойынша үздік спортшы - Анна Данилина (56-шы орын). Сондай-ақ үздіктер қатарына Елена Рыбакина (123-ші) және Жібек Құламбаева (146-шы) кірді.

Серіктес жаңалықтары