Семсерлесуден Азия чемпионатында қоржынға 2 күміс медаль түсті
Манамада өткен семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, кадеттер арасындағы бәсекеде Кирилл Проходов шпагамен семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды.
Ол финалда гонконгтық қарсыласына 11:15 есебімен жол берді.
Соңғы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірім қыздар командасы күміс медаль жеңіп алды. Әмина Саматова, Арина Яковлева, Кристина Красикова мен Полина Лесовская төрттігі шпагамен семсерлесуден финалға шыққан. Алайда олар Оңтүстік Корея командасынан жеңіліп қалды. Қазақстандық үштік сондай-ақ турнир барысында жарыстың басты фавориті саналған Қытай командасынан басым түсті.