Спорт министрлігі Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты жаңа мәліметтер 8 қаңтарда белгілі болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Желтоқсан айының басында қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілігіп, салдарынан оның жекпе-жегі тоқтатылды. Бұл жағдай спорт қоғамында үлкен резонанс тудырды.
БАҚ өкілдері осы оқиғаға байланысты тергеудің нәтижесі мен Әлімханұлының алдағы жарыстарға қатысу мүмкіндігін
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан сұрап білді.
«Өкінішке қарай, маңызды жекпе-жектің алдында сондай жағдай болды. Бірақ 8 қаңтарда екінші сынама ашылады. Біз және Жәнібектің командасы соны күтіп отырмыз», — деді Мырзабосынов үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, боксшыға қатысты шешімді Халықаралық бокс ұйымы қабылдайды екен.
«Бұл мәселе бойынша шешімді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) пен Халықаралық бокс ұйымы қабылдайды», – деп түйіндеді ол.