Халықаралық турнирде төрт қазақстандық боксшы жүлде алды
Бұл күндері Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы өтіп жатыр. Аталған турнирде Қазақстан құрамасынан 12 боксшы ел намысын қорғауда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Жеребенің қорытындысына сәйкес, қазақстандық боксшылардың төртеуі жарысты жартылай финалдан бастайтын болды. Демек, төрт боксшымыз жекпе-жексіз медальға ілігіп тұр.
Нақтырақ айтсақ, Санжар Тәшкенбай (51 келі), Даулет Молдашев (54 келі) пен Олжас Боқаев (+92 келі) турнирді жартылай финалдан бастамақ. Ал 48 келіге дейінгі салмақта Ернұр Қайрат бірден финалда жұдырықтасады. Оның салмағында боксшылар толық келмеген.
Халықаралық турнирге әлемнің 16 елінен 106 спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарыс 17 наурызға дейін жалғасады.
«Belgrade winner» турниріне қатысып жатқан қазақстандық боксшылар:
48 келі - Ернұр Қайрат,
51 келі - Санжар Тәшкенбай,
54 келі - Дәулет Молдашев,
57 келі - Оразбек Асылқұлов,
60 келі - Бейбарыс Жексен,
63,5 келі - Ерасыл Таңқай,
71 келі - Сабыржан Аққалықов,
75 келі - Диас Молжігітов,
80 келі - Ерасыл Жакпеков,
86 келі - Темірлан Мұқатаев,
92 келі - Данияр Рахымбердинов,
+91 келі - Олжас Боқаев.