ХХХІІІ Олимпиада: Cпортшыларымыздың басты ерекшеліктері
10 шілде 2024 20:01 / Sport
Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері толығымен аяқталды. Қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алған болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Олимпиадаға жолдама алған спортшыларымыздың басты ерекшеліктерін атап өтті.
Биылғы Олимпиадаға баратын спортшыларымыздың басты ерекшеліктері:
- Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады
- Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы тұңғыш рет жазғы ойындарға үш спортшыны апарады
- Брейкинг пен бадминтоннан Қазақстан тұңғыш рет Олимпиада жолдамасын иеленді.
- Брейкингтен Амир Закиров, бадминтоннан Дмитрий Панарин ел намысын қорғайды.
- Әйелдер күресінен Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет Олимпиададан сырт қалды.
- Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет командалық жарыста бақ сынайды.
- Қазақстан тұңғыш рет гимнастиканың үш түрінен (батуттық, спорттық және көркем) жазғы Олимпиадада сынға түседі.
- Нысана көздеуден Қазақстан командасы тұңғыш рет алты спортшыны Олимпиадаға апарады.
- Париж Олимпиадасына қатысатын 80 қазақстандық спортшының ішінде 54 атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отыр.
- Қазақстан олимпиадалық құрамасының сапында жазғы ойындарға төртінші рет қатысатын екі спортшы бар. Олар – жеңіл атлет Ольга Сафронова мен академиялық есу шебері Владислав Яковлев.
- Елдос Сметов (дзюдо), Кирилл Герасименко (үстел теннисі) және Елена Потапенко (қазіргі бессайыс) Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ.
- 21 спортшы өз мансабындағы екінші Олимпиадаға аттанады.
Тегтер:ОлимпиадаПарижПариж ОлимпиадасыСпорт
30 наурыз 2026 11:07 / Sport
Жібек Құламбаева ITF W15 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды
29 наурыз 2026 16:26 / Sport
Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды
28 наурыз 2026 13:21 / Sport
Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
14 наурыз 2026 13:30 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанбақ
13 наурыз 2026 18:59 / Sport
Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
13 наурыз 2026 9:24 / Sport