2030 жылға дейін 70 елдімекенді тасқыннан қорғайтын 20 су қоймасы салынады

2 сәуір 2024 11:05 / Новости Казахстана

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында 2030 жылға дейін 70 елдімекенді тасқыннан қорғайтын 20 су қоймасы салынатынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«2030 жылға дейін 9 облыстың аумағында 20 жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. 20 су қоймасын іске қосу халқының саны 137 мың адам болатын 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Сондай-ақ ол қазір министрлік 9 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатқанын атап өтті.

«Бұған қоса 9 облыстың аумағындағы 15 су қоймасын қайта жарақтау жұмыстары басталады. Бұл 75 мың адам тұрып жатқан 64 елдімекеннің су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Нұржан Нұржігітов.

Серіктес жаңалықтары