Қарақұмық, ірімшік пен көкөніс біршама арзандады

21 қыркүйек 2024 11:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Ұлттық статистика бюросы азық-түлік бағасындағы өзгеріс жайлы ақпарат таратты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде де, жылдық мәнде де өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Бір аптаның ішінде қарақұмық, ірімшік және көкөніс бағасы арзандаған.ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кей тауарлардың орташа бағасы:

Күріш — 478 тг/кг Айран 2,5% — 428 тг/лҚұмшекер — 411 тг/кгӘлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 тауар кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Баға қымбаттағаны не арзандағаны туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Серіктес жаңалықтары