Әйелін ұрды деп айыпталған қазақстандық дипломатқа қылмыстық іс қозғалды

10 мамыр 2024 16:35 / Новости Казахстана

Бұған дейін Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсететіні, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы ақпарат тараған еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қаласының полиция департаменті осы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді» делінген ресми мәліметте.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келе жатқанын мәлімдеген болатын.

«Маған физикалық, жыныстық, эмоционалдық, тұрмыстық зорлық көрсетті. Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырып, түрмеге жабылғанын қалаймын», - деген еді ол.

ҚР Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтың БАӘ-ден отанына оралуына көмектесті.

Карина Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген. Оның анасы мен әпкесі де дағдарыс орталығына орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары