Керлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты

18 қазан 2024 11:23 / Новости Казахстана
Фото: Qazsporttv

Керлингтен Шотландияда әлем чемпионаты өтіп жатыр. Топтық кезеңде Финляндия, Кения, Германия, Уэльс, Украина құрамаларын ұтқан Қазақстан спортшылары Швейцарияға ғана есе жіберді. Алайда бұл – топтық кезеңнен шығуға еш кедергі емес.Бүгін Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы ойын көрсетіп, плей-офф сайыстарына дайындалады. Ел намысын әлем чемпионатында Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр, Мерей Тастемір есімді спортшыларымыз қорғайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Айта кетсек, керлинг – бұл қысқы командалық спорт түрі, мұз аренасында өтеді.

Матчқа әр командада 2-4 адамнан тұратын екі команда қатысады.

Ойынның негізгі принципі қатысушылар кезек-кезек тас деп аталатын мұз үстінде ауыр гранитті снарядты ұшырады.

Керлинг – Қазақстан спортшыларын 2000 жылдардың бас кезінде қызықтырған. 2003 жылдың қарашасына қарай Қазақстан керлинг қауымдастығы ресми түрде құрылған.

Серіктес жаңалықтары