Алматыдағы Атакент көрме орталығынан өрт шықты

12 тамыз 2024 23:24 / Новости Казахстана
Фото: видеодан алынған скрин

Атакент аумағында орналасқан дәмхана өртеніп жатыр. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі 42 мекенжайы бойынша шақыртуға шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде дәмхана ашық жалынмен жанып жатты. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізді. Өрт сөндірудің үш учаскесі құрылды, өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды. Өзге ғимараттарға таралу қаупі жоқ», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт орнынан 3 газ баллон эвакуацияланды. Қызыл жалын 30 минутта оқшауланды.

Серіктес жаңалықтары