Биыл 2487 мектеп профилактикалық бақылауда болады
Фото: Яндекс
Яндекс
Қазақстан жаңалықтары20 қыркүйек 2024, 19:29

Биыл 2487 мектеп профилактикалық бақылауда болады

Қазақстандық 2,5 мыңға жуық мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті биылғы жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады. Жаңа оқу жылының басында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 422 білім беру ұйымында бақылау-бағалау іс-шараларын жүргізген болатын. Іс-шаралар оқу үдерісіндегі проблемаларды анықтауға, оқу процесінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өткен жылы Комитет пен оның аумақтық департаменттері 2624 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеуі фактілері анықталды», - деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап өту керек, мониторинг және бағалау қызметі білім беру қызметінің сапасын, білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін шара.

2487 мектеп профилактикалық бақылау

Тақырыпқа жаңалықтар