Алматылық дәрігерлер 64 жастағы науқастың жүрек тамырларын қалпына келтірді

3 сәуір 2024 14:12 / Новости Казахстана

Алматылық дәрігерлер науқастың жүрек тамырларының қанмен қамтамасыз етілуін қалпына келтірді. 64 жастағы науқас ауыр жағдайда кардиологиялық орталыққа жеткізілді. Коронарография өткізілгеннен кейін әйелдің үш тамырының 99%, 95% және 85%-ға ауыр зақымданғаны анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кардиохирургтар науқастың қан тамырлары шунтты орнату үшін өте жұқа болғанына байланысты оған аортокарональды шунттау отасын жасай алмады.

Консилиумде тамырларды стенттеу туралы шешім қабылдады. Іске интервенциялық кардиологтар кірісті.

Консилиумға қатысқан Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Оразбек Сахов қан тамырларын стенттеуді жүзеге асырды.

Процедураның қауіптілігі мен күрделілігіне қарамастан, ол үш тамырдың екеуінің өткізу қабілеттігін қалпына келтіріп, пациенттің сауығуына мүмкіндік берді. Бұл зергерлік ота жергілікті анестезиямен 50 минутқа созылды.

"Ота пациенттің қан тамырларының өткізгіштігін қалпына келтіруге болатын қабылдау арналарының тарылуына байланысты қиын болды. Ота кезінде пациенттің қабылдау арнасын толық ашып, екі үлкен тамырды қалпына келтірдік, бірден екі стент орнаттық. Стенттеу нәтижесі өте жақсы болып шықты және науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Әйелге үшінші тамырды қалпына келтіру үшін тағы бір ота кейінірек жасалады", - дейді Оразбек Сахов.

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының интервенциялық кардиологтарының жоғары кәсіби құзыреттілігінің арқасында бүгінгі таңда науқастың денсаулығына еш қауіп жоқ.

Серіктес жаңалықтары