АҚШ-та тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсады

7 қазан 2024 11:00 / Новости Казахстана
Жанар Байсеміздің парақшасынан

АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы Динара өз-өзіне қол жұмсады. Қаралы деректі белгілі журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

- Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті.

Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?!

Сұрақ көп, жауап жоқ…

Неткен өкініш…

Неткен қасірет…

Динара, кешір мені, кеш бізді…

Рухың пейіште шалқысын.

Жап-жарық едің…

Қош бол, Жарық Күн.

P.S. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын, - деп жазды ол.

Қостанай өңірінің тумасы марқұм Динараны америкалықтар алты жасында асырап алған. Ол психология мамандығы бойынша оқыған.

Серіктес жаңалықтары