Астанада белгісіз ер адам мешітке келушілерге пышақ ала жүгірген

2 қыркүйек 2024 16:23 / Новости Казахстана
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде ер адамның елордадағы мешітке келушілерді пышақпен қорқытқан видеосы тарады. 102-арнасына қала мешіттерінің бірінде белгісіз адам келушілерге қауіп төндіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция жасағы келді. 36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді, - дейді елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын анықтаған, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайына жан-жақты тексеру жүргізілуде», - дейді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары