Атырау облысында итті өртеген жігіт қамауға алынды

21 маусым 2024 12:00 / Новости Казахстана

Атырау облысында ер адам итті өртеп жіберген. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 19 маусымда түнгі сағат 23:30 шамасында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылына жақын маңда итті қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды. Итті өртеген 2003 жылғы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оның қасында 2007 жылғы жасөспірім болған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

 

Серіктес жаңалықтары