Атыраудың Махамбет ауданында шаруа қожалығының қыстағы су ортасында қалды

19 мамыр 2024 10:00 / Новости Казахстана

Атырау облысының Махамбет ауданында шаруа қожалығының қыстағы су ортасында қалды. Махамбет аудандық әкімдігінің мәліметінше, Есбол ауылдық округінен 1,4 шақырым жерде «Сырым» шаруа қожалығына тиесілі 1 тұрғын үйі бар қыстақ орналасқан. Тұрғын мен Жайық өзенінің аралығы шамамен 120 метр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Тұрғын үй жартылай саман, жартылай ақ тастан салынған. Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты 12 мамырда 0х18 метр үй, 6х12 метр болатын сарай айналасына топырақ үйіліп, топырақ толтырылған қаппен бекітілген. Оған үй иесі мен Қарағанды қаласынан көмекке келген 52859 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Аталған үйдің иесі мен мал қауіпсіз аумаққа шығарылды», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Қазір үй иесі отбасымен Есбол ауылында тұрып жатыр.

Қауіпсіздік мақсатында тұрғын үй газ және жарық желісінен ажыратылған.

 

 

Серіктес жаңалықтары