Бишімбаевтің ісі: Петицияға 150 мыңға жуық азамат қол қойды
21 қараша 2023 17:02 / Новости Казахстана
Бас прокурор Берік Асылов экс-шенеунік, әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Жуықта азаматша С.Нүкенованың Астана қаласында кісі қолынан көз жұмуы интернет кеңістікті дүр сілкіндірді. Отбасындағы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы петицияға 150 мыңға жуық қазақстандық қол қойды. Бұл бағытта жұмыс жалғаса береді», – деді Берік Асылов.
Б.Асылов тұрмыстық зорлық-зомбылықтан мемлекетке келер қауіп қандай екенін айтты.
«Отбасындағы келеңсіздіктер, зорлық-зомбылық фактілері мемлекетіміздің алға дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан президентіміз айтқандай, мұндай заң бұзу әрекеттерімен тұтас қоғам болып күресу қажет», – деді бас прокурор.
18 қазан 2024 13:34 / Новости Казахстана
Сынып жетекшілеріне берілетін үстемеақы 30 пайызға артады
18 қазан 2024 12:00 / Новости Казахстана
Тұрғын-үй кезегінде мақсатқа жету санатының реті жаңартылады
18 қазан 2024 11:23 / Новости Казахстана
Керлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты
18 қазан 2024 11:00 / Новости Казахстана
Қарындасын зорлап келген екі ағайындының біреуі қамауға алынды
18 қазан 2024 10:23 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Румыния ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады
18 қазан 2024 10:00 / Новости Казахстана