Бұқтырмада салынып жатқан көпір биыл қолданысқа беріледі

20 наурыз 2024 9:00 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында салынып жатқан көпір биыл қолданысқа беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Самар аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынып жатқаны белгілі. Еліміздегі ең ұзын көпірдің қашан ашылатыны туралы сұраққа ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жауап берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жобасының бағасы - 61,4 млрд теңге. Бүгінде оның 27,4 млрд теңгесі игерілді. Ұзындығы 1153 метрді құрайтын технологиялық көпір салынды. Екі жолақты негізгі автомобиль көпірінің ұзындығы 1316 метр, ені 12,2 метр болады. Қазіргі уақытта 21 көпір тірегінің 13-і орнатылды. 8 тірек бойынша жұмыстар жалғасуда. Аралықтардың 20 металл конструкциясы дайындалып, учаскеге жеткізілді», - дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Тұраров.

Оның айтуынша, көпір биыл қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары