Бұрынғы әйелін ұрып-соққан ер адам 25 тәулікке қамалды

16 сәуір 2024 14:34 / Новости Казахстана

Бұрынғы әйелін көшеде ұрып-соққан Александр Ким қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полициядан мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұрынғы әйеліне дене жарақатын салған ер адам ұсталды. Қол жұмсағаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, оған айыппұл салынды» деп хабарлады ведомстводан.

Құқық бұзушы қамауға алынды.

Бұған дейін Алматы көшелерінің бірінде Салтанат есімді келіншекті бұрынғы күйеуі соққыға жыққанын жазған едік.

Кейін Александр Ким қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары