Елде жалпыұлттық жоба аясында 4 мыңнан астам игі іс жасады

5 қараша 2024 12:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда игі істер марафоны жалғасып жатқанын мәлімдеді. Дәстүрлі жалпыұлттық жоба қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған.«Игі істер марафоны» жобасы аясында 4-10 қараша аралығында «Инклюзия» бағытындағы «Мейірімділік апталығы» өтіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Павлодар облысында өнер мен шығармашылықты пайдалана отырып, психотерапия мен психологиялық түзетуге бағытталған «ART-терапия» акциясы, 6-7 қарашада Алматы облысында мүгедектігі бар адамдарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтеді.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 38 мыңға жуық азамат марафон аясында 4 мыңнан астам игі істер жасады.

Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жоба туралы толық ақпаратты qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады.

Серіктес жаңалықтары