NASA ғарыштық қосымшалар байқауында қазақстандық студенттер жоба ұсынады
SPACE APPS CHALLENGE-2024 жаһандық төрешілігінің әлемдік кезеңі 19 қарашада өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Аталған додада Қазақстан намысын Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Роман Устименко, Жан Бейсекеев және А.Байтұрсынов атындағы мектеп оқушысы Игорь Мартынюк қорғайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша олар әлемнің 152 елінен қатысқан 8715 команда арасынан суырылып шығып, NASA-ның «SPACE APPS CHALLENGE-2024» ғарыштық қосымшалар байқауының жаһандық номинанттары атанды.Енді қазақстандықтардың жобалары NASA сарапшы төрешілер тобы және жаһандық финалистерді анықтайтын серіктес ғарыш агенттіктерінің қарауына ұсынылады.
Айта кетейік, әлем бойынша 8,7 мың команданың арасынан тек 940 команда қазылар алқасы тарапынан іріктелген болатын және оның ішінде екі қазақстандық команда бар.
NASA ең ұзақ әрі ең қымбат экспериментті аяқтағанын жазған болатынбыз.