Елімізде балалар қандай аурулармен жиі ауырады

12 қазан 2024 13:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Елімізде жыл сайын 500-600 балада ауру анықталады, олар жедел лейкозбен, орталық жүйке жүйесінің ісіктерімен, жұмсақ тіндердің саркомалары және басқа да аурулармен ауырады. Бұл туралы ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтып берді. «2024 жылдың 9 айындағы жедел мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда, ана өлімі 28%-ға төмендеген. Ол 1000 тірі туған нәрестеге 12,5-ден 9,1-ге дейін азайған. Нәрестелер өлімі де төмендеп, 1000 тірі туған нәрестеге 7,3-тен 6,9-ға дейін, яғни 6,7%-ға азайған», - деді М. Ембергенова, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен бірге, спикер 17 жасқа дейінгі балалардың жалпы аурушаңдық көрсеткішін баяндады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Бұл санатта бірінші орында тыныс алу мүшелерінің аурулары (100 мың адамға 36 947), екінші орында – ас қорыту аурулары (6 215), үшінші орында – жүйке жүйесінің аурулары (3 028), төртінші орында – көз аурулары (2 739) тұр», - деп түсіндірді департамент басшысы.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, тері аурулары 4-орында, көз аурулары 5-орында болған еді.

Осылайша, 2022 жылдан бері 0-17 жастағы балалардың жалпы аурушаңдық құрылымында тыныс алу, ас қорыту және жүйке жүйесінің аурулары алғашқы 3 орында сақталып келеді. Ал тері мен көз аурулары соңғы 2 жыл бойы 4 немесе 5 орында тұр.

 

Серіктес жаңалықтары