Орман және табиғат қорғау қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 8,5 млрд қарастырылған

1 шілде 2024 10:00 / Новости Казахстана

1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. орман және табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, шарттары мен мөлшерін жақсарту мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Оның ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарmлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар. 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшысының жалақысы көтеріледі.

2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8 480,1 млн теңге көлемінде қаржылық шығындар көзделген. 300-ге жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылатын болады.

Жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мекемелерінің орман өртін сөндіру стансаларының 1619 қызметкеріне қосымша ақы төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспарланады.

 

Серіктес жаңалықтары