Павлодарда республикалық айтыс өтеді

19 қазан 2023 6:36 / Новости Казахстана

Жыр додасы Павлодар облысындағы Май ауданында ұйымдастырылады

Бұл туралы Pavlodarnews.kz жариялады.

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы, Павлодар облыстық филиалы:

- Май ауданында өтетін айтулы шараға павлодарлық сөз шеберлерінен бөлек, елімізге танымал айтыскерлер де қатысады. Айтыс Шахан Мусиннің 110 жылдығы мен Мұқсихан Заитовтың 95 жылдығына орай өтеді.

Май елінің даласын қара сөзбен көмкеріп, тыңдарманына жырдан шапан жабатын ақындар қатарында Аспанбек Шұғатаев, Қуаныш Шарманов, Абзал Қабдыраш, Оразбек Саяхат, Рауан Қайдар, Мәрес Байрон, Бөкен Жігер, Ерлан Аманқожа, Дидар Қамиев және Айым Асылбекқызы бар.

Айтыс 19 қазан күні сағат 11:00-де Май ауданы мәдениет ойын-сауық орталығында өтеді.

Автор
Серіктес жаңалықтары