Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт қайтыс болды

17 қазан 2023 9:59 / Новости Казахстана

Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жаттығу кезінде ішіне доп тиген жас жігіт Петропавл облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмған.

Оқиға дүйсенбі күні кешкі сағат жетіде Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болған.

2005 жылы туған жасөспірім футбол жаттығуы кезінде спорттық жарақат алды. Эпигастрий аймағына (ішінің жоғарғы бөлігіне) доп тиген жасөспірім көгалға шалқасынан құлаған. 

Жедел жәрдем станциясы фельдшерлері оқиға орнында болып, «анықталмаған жүрек тоқтауы, анықталмаған кома және жабық бас-ми жарақаты» деген диагноз қойды.

Жігіт сағат 20:10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды.

Автор
Серіктес жаңалықтары